| 
 №Р/с  | 
 Іс-шара атауы  | 
 Іске асыру кезеңі  | 
 Аяқталу нысаны  | 
 Орындалуына жауаптылар  | 
| 
 1  | 
Мекеменің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы айдарын жаңалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттарды (Стратегия, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастыру | 
 жыл бойы  | 
 Ақпараттарды жаңартып тұру  | 
 Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі  | 
| 
 2  | 
Мемлекеттік орган ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігін, азаматтарды қабылдау кестесін, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастыру | 
 тұрақты  | 
 Ақпараттық стенд  | 
 Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі  | 
| 
 3  | 
Мемлекеттік орган басшысы тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар немесе сұхбаттар жариялау | 
 жылына бір рет  | 
 БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп  | 
 Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі  | 
| 
 4  | 
Мемлекеттік орган қызметкерлері тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақалалар жариялау | 
 тоқсанына бір рет  | 
 БАҚ-да мақалалар, МҚІМ ЖОД-не есеп  | 
 Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі  | 
| 
 5  | 
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыптарында құқықтық оқытулар («дөңгелек үстел» отырысы, семинар, дәріс, кездесулер және т.б.) ұйымдастыру | 
 тоқсанына бір рет  | 
 Құқықтық оқытулар, хаттама  | 
 Тиісті мекеменің құрылымдық бөлімі, МҚІМ ЖОД  | 
| 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай арнайы іс-шара ұйымдастыру | 
 желтоқсан  | 
 Іс-шара, МҚІМ ЖОД-не есеп  | 
 Тиісті мекеменің құрылымдық бөлімі  | 
Ескерту: Іс-шаралар жоспарында көрсетілген тармақтардың орындалуы бойынша ҚР МҚІМ ЖОД-нің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасына мерзімдеріне сәйкес тиісті ақпаратты жолдау қажет.
Аббревиатураның толық жазылуы:
МҚІМ ЖОД – Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті