Бүгін: 20.11.2018
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Басқарма басшысы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы 1981 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары.

         2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану» мамандығы бойынша, 2007 жылы А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

         Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Жамбыл облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушы болып бастаған.

         2005 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Дзю-до Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық  филиалында жаттықтырушы;

         2005 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облыстық  мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында жаттықтырушы;

         2006-2007 жылдары «Сұңқар 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қамтамасыздандыру бөлімінің  инженері;

         2007 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Атырау қаласының «КМТ-Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс маманы;

         2007-2008 жылдары Астана қаласының «Қазақтеміртранс» акционерлік қоғамы президентінің көмекшісі;

         2008-2010 жылдары Алматы қаласының «ЧД cz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

         2010-2011 жылдары Алматы қаласының «ЧД cz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

         2011 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында «Сенім корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шебер;

         2011 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №4 велосипед және су спорты түрлерінің облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары;

         2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі директорының міндетін атқарушысы;

         2012-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің  туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;

         2014-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек» кәсіпқой  спорт клубының директоры лауазымдарын атқарған.

         2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келеді.

 

Басқарма басшысының орынбасары

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы 1975 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары.

         1996 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын «автомобильдер және автомобиль  шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт  пәнінің оқытушысы, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы» мамандығы бойынша бітірген.

         Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Байзақ ауданы әкімшілігінің экономика бөлімінде 1 категориялы маман болып бастаған.

         2000-2001 жылдары Жамбыл облысы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасының жетекші маманы;

         2001-2005 жылдары Бокстан олимпида жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары;

         2005-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басшы орынбасары;

         2012 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тараз» баскетбол клубы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

         2012 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

 

Басқарма басшысының орынбасары

Мұқанов Бекболат Қабылқанұлы 1973 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары.

         1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

         Еңбек жолын 1991-1992 жылдары зейнетақы, жәрдемақы тағайындау және төлеу орталығының маманы болып бастаған.

         1992-1994 жылдары Жамбыл қалалық халықтық әлеуметтік қорғау бөлімінің  аға маманы, бас маман;

         1994-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы;

         2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы;

         2011 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

 

 

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары