Бүгін: 19.01.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

 

Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және

спорт басқармасы

бос тұрған «Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, №22 үй, телефон (8726-2) 54-06-02.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты: өздігінен немесе өзге заңды тұлғалармен бірлескен келісім негізінде оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; спорт түрлерінен, яғни футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, кіші  футбол, бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, самбо, таеквондо, ауыр  атлетика, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, жүзу, су добы, спорттық би  сияқты және басқа да олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарды, чемпионаттарды, туринирлерді және матчтық кездесулерді  ұйымдастыру және өткізу; дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту; спорт түрлерінен олимпиада резервін қалыптастыру үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу; спортшыларды медициналық-биологиялық және витаминдік препараттармен қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; кәсіпорын теңгеріміндегі спорттық ғимараттардың тиімді және тоқтаусыз пайдалануын ұйымдастыру және т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,  мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде төмендегідей құжаттарды мына мекен-жайға: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72, Жамбыл облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы,  8-қабат, №809 кабинет, тел/факс: 43-62-57, ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
         2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
         3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
         4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
         5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурстың өтетін күні: 2018 жылғы 3 тамыз.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72 (9 қабат 920 кабинет).

Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.

Осы бос лауазымға орналасқан тұлға үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және өзге жеңілдіктер берілмейді.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары