Бүгін: 20.11.2018
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдын 25 – 27 мамыр аралығында Женева (Швейцария) қаласында спорттық акробатикадан Халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Әлемнің 18 мемлекетінен 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жамбыл облысынан 2 спортшы қатысып: Просветова Юлия мен Нуржанова Анель қатысып жұптық өнер көрсетуде ІІІ орын иеленді.

Жаттықтырушы: Симагина Т.А.

2017 жылдың 28 – 31 мамыр аралығында Қарағанды қаласы «Шахтер» стадионында зияткерлік мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кіші футболдан республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа республиканың 10 командасынан (Қостанай, Павлодар, Семей, Қызылорда, Алматы қалаларынан және Маңғыстау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан) 170 спортшы қатысты.

2017 жылдын 19 – 21 мамыр аралығында Алматы қаласында Ұлы Жеңістің 72- жылдығына арналған жауынгерлік самбодан балалар, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының ашық Кубогы өтті.

2017 жылдын 26 – 28 мамыр аралығында Тбилиси (Грузия) қаласында каратэ-додан «Грузия OPEN» Халықаралық турнирі өтті.

Аталған жарысқа Әлемнің 8 мемлекетінен (Грузия, Азербайжан, Иран, Египед, Сауд Аравиясы, Ресей және Қазақстан) 600-ге жуық спортшы қатысты .

Жамбыл облысынан 5 спортшы қатысып төмендегідей нәтиже көрсетті:

Дінмұхаммед  Ұлысбаев  - велоспорттан ҚР Ұлттық құрамасы сапында Grand Prix Priessnitz Spa Әлем Кубогының үшінші этапында жеңімпаз атанды.

2017 жылдың 3-5 маусым аралығында Тараз қаласындағы  Абай даңғылы, 113, Орталық стадионында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 5-ші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтті.

2017 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Әкем, анам  және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Аталған жарыстың қалалық және аудандық іріктеу кезеңіне 98 отбасынан 294 адам қатысты, ал облыстық жарысқа  Тараз қаласы және 8 ауданнан барлығы 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).

2017 жылдың 22-25 мамыр аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Алматы, Астана қалалары мен облыстардан 16 командадан 310 спортшы қатысты.

2017 жылдың  28 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиада спорттың 3 түрі бойынша (шағын футбол, волейбол, эстафета) өткізілді.

2017 жылдың  26 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиадасы өтті.

Спартакиада студенттер арасында спорттың 6 түрі бойынша (шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика) өткізілді. Аталған жарысқа  237 астам студент  қатысты.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары