Бүгін: 01.07.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың  28 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиадасы өтті.

Спартакиада спорттың 3 түрі бойынша (шағын футбол, волейбол, эстафета) өткізілді.

Спартакиадаға Тараз қаласы мен аудандар бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің және облыстық департаменттің құрама командаларынан 228  спортшы қатысты.

Облыстық спартакиаданы өткізудің жалпы үйлестіруін Жамбыл облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп жүзеге асырды.

Спартакиаданың мақсаты – қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату.

Жарыс қорытындысы төмендегідей:                                                                                         

Кіші футбол

  1. Қаратау қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім
  2. Т. Рысқұлов ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім
  3. Байзақ ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім         

Волейбол

  1. Тараз қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім
  2. Жаңатас қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім
  3. Т. Рысқұлов ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім                            

Эстафета

  1. Қордай ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
  2. Т. Рысқұлов ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім
  3. Қаратау қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім                            

Жалпы командалық есепте

  1. Т. Рысқұлов ауданы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (жалпы жиналған ұпай саны 48)                          
  2. Қаратау қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (жалпы жиналған ұпай саны 45)
  3. Тараз қаласы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлім (жалпы жиналған ұпай саны 36)

 

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары