Бүгін: 18.10.2017
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы 2017 жылдың 29-30 шілде күндері Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромы мен «Этноауыл» қалашығы маңында қонақтар мен қала тұрғындарына қазақ халқының ұлттық  ат спорт түрлері көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ, алаңдағы тоғызқұмалақ ойындарының көрсетілімімен қатар құсбегілік және тазы, төбет иттер көрмесі ұйымдастырылып халық назарына ұсынылды.

Сонымен қатар алғаш рет командалық алаңдағы тоғызқұмалақ ойынының тұсау кесер рәсімі өткізілді.

Аталған спорттық іс-шараға ұлттық спорт түрлерінен барлығы 177 адам қатысты. Ұлттық ойындар, көрсетілімдер мен көрмеге қатысқан спортшылар сапалы ұлттық және спорттық киімдерінде болды. Аталған іс-шара өзіндік деңгейде өтті.