«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін өңірлік комиссия осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
 - Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
 
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
Қызылорда облысы әкімінің Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы «___»_______
№ ___қаулысына қосымша
Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін
өңірлік комиссияның құрамы
| 
 1.  | 
 Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы  | 
 - 
  | 
 Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 
  | 
| 
 2.  | 
 Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы 
  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті;  | 
| 
 3.  | 
 Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, комиссия мүшесі, облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті;  | 
| 
 4.  | 
 Ізімбетов Назарбек Әжбекұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі, облыстық асық ату, құсбегі және тазы иттері федерацияларының вице-президенті;  | 
| 
 5.  | 
 Қылышбаев Пархат Әуезұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті;  | 
| 
 6.  | 
 Стамкұлов Марат Темірқалиұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының №2 спорт мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық каратэ-до федерациясының вице-президенті;  | 
| 
 7.  | 
 Момынов Нұрдәулет Нәбиұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әулие-Ата» ат спорты клубының директоры, комиссия мүшесі, облыстық Ат спорты федерациясының президенті (келісім бойынша);  | 
| 
 8.  | 
 Райымқұлов Ғали Әуелбайұлы  | 
 -  | 
 Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;  | 


























