Бүгін: 12.11.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 216 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін өңірлік комиссия осы қаулыға қосымшаға сәйкес   құрамда құрылсын.

  1. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.

        

 

Облыс әкімі К. Көкрекбаев

 

Қызылорда облысы әкімінің Жамбыл облысы әкімдігінің

2017 жылғы «___»_______

№ ___қаулысына қосымша

 

 

Спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін саралау үшін

өңірлік комиссияның құрамы

 

1.

Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы

-

 

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,  комиссия төрағасы;

 

2.

Жүнісбеков Нұрбол

Әбдімажитұлы

 

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті;

3.

Жолдасбеков Нұржан

Қырықбайұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, комиссия мүшесі, облыстық жеңіл атлетика федерациясының вице-президенті;

4.

Ізімбетов Назарбек

Әжбекұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі,  облыстық асық ату, құсбегі және тазы иттері федерацияларының вице-президенті;

5. 

Қылышбаев Пархат

Әуезұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық дзюдо, самбо күресі, қазақ күресі федерацияларының вице-президенті;

6.

Стамкұлов Марат Темірқалиұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының №2 спорт мектебінің директоры, комиссия мүшесі, облыстық каратэ-до федерациясының вице-президенті;

7.      

Момынов Нұрдәулет Нәбиұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Әулие-Ата» ат спорты клубының директоры, комиссия мүшесі, облыстық Ат спорты федерациясының президенті (келісім бойынша);

8.

Райымқұлов Ғали

Әуелбайұлы

-

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт түрлерін дамыту бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;