Бүгін: 21.11.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Әкем, анам  және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Фестиваль 5 кезең («Көңілді секірмек», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», «Отбасылық таңғы ас», «Салют», «Ғарышқа ұшу») бойынша өткізілді.Фестивальге 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).

Жарысты ұйымдастырушы - Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы. Сонымен қатар жарысты өткізудің жалпы үйлестіруін «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы» КММ мен «Жастар дамуының Жамбыл орталығы» қоғамдық бірестігі жүзеге асырды.

Жарыстың мақсаты – балалар мен ата-аналар арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау, олардың бос уақытын тиімді  пайдалану арқылы спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.

Жалпы командалық есепте жарыс нәтижесі төмендегідей:

І орын – Сарысу ауданы «Қырғызбаевтар отбасы»

ІІ орын – Тараз қаласы «Көпбаевтар отбасы»

ІІІ орын – Т. Рысқұлов ауданы «Тілеубековтер отбасы»

 

 

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары