Бүгін: 29.05.2020
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 25-26 қараша күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында Еркін күрестен Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға  арналған ересектер арасындағы халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командаларынан 168 спортшы қатысты (Жапония, Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Бразилия, Моңғолия, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан).  Қатысушылар: 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70, 74 кг, 86 кг, 97 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсті.

Жарыстың өткiзiлуiне Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы басшылық етті.

Жарыстың бас демеушісі - «Альтаис груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

ҚР Ұлттық құрама командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:

57 кг салмақта – Қуатбек Мұхамбет (ОҚО)– 3 орын;

61 кг салмақта – Айтқұлов Тимур (Қостанай облысы) – 3 орын;

61 кг салмақта – Санаев Нұрислам (Ақтөбе облысы) – 2 орын;

65 кг салмақта – Аширов Мейіржан (Жамбыл облысы) – 3 орын;

74 кг салмақта – Сақаев Болат (Алматы қаласы) – 2 орын;

86 кг салмақта – Дауланбаев Әділет (Алматы қаласы) – 1 орын;

97 кг салмақта – Ибрагимов Мамед (Павлодар облысы) – 1 орын;

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары