Бүгін: 20.11.2018
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 12 сәуір күні Тараз қаласы Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында  Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасындағы өткізілетін командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан облыстық чемпионаты өтті.«Алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойыны Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына» бағытына ұлттық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс екінші рет облыста ұйымдастырылды.

2018 жылдың 12 сәуір күні Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында  Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» өтті.Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Рухани қазына» бағытына бұқаралық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс төртінші рет облыста ұйымдастырылды.Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки).

Бұл фестивальдің басты мақсаты – облыста бұқаралық спортты дамыту, жастардың бойын жат қылықтардан аулақ ұстауына және бос уақыттарын тиімді пайдалануына ықпал ету болып табылады.

Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өтеді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10-14 жас; жастар 14-18 жас; ересектер 18 жастан жоғары.

Аталған жарыс облыста үшінші рет ұйымдастырылып өткізілді. Бұл жоба республика бойынша тек Жамбыл облысында бастау алды.  2015 жылы тұңғыш рет өткізілген Аула ойындарына барлығы 8500 адам қатысса, ал 2016 жылы 15860 адамға жетті.

Командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынының нұсқасы, ойнау элементтері ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынының ережелеріне негізделген.

Алайда бұл бұқаралық (командалық) спорттық ойын. Ойыншылар санының артуы қоғам арасында ұлттық ойынымыздың кеңірек таралуына, беделінің артуына зор мүмкіндік тудырады. Ойынның ұжымдық негізінде ойналуы, жастар арасында өзара сенімділік пен достық қарым-қатынастардың нығаюына  үлкен мүмкіндік береді. Ойын қоғамның барлық жастағы өкілдеріне арналған.

Негізгі мақсаты: жалпы жастар мен ересектер арасында бұқаралық спорт негізінде командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынын жалпы халықтық бұқаралық ұлттық түрінде дамыту.

Авторы Тараз қаласындағы №10 орта мектептің жоғарғы санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шалов Асқар Орынбекұлы.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары