Бүгін: 29.05.2020
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Жамбыл облысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарған жұмыстары туралы төмендігені хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында аталған аралықта бірқатар іс-шаралар атқарылды.

Атап айтқанда, халықты ақпараттандыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында басқарма ғимаратының көрнекі жеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы ақпараттық жадынамалар мен плакаттар ілінді.

Басқармада сенім телефоны жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қызметтік номерлерден бөлек сенім телефонының номері 51-71-95 болып белгіленіп, басқарманың www.zhambylsport.kz интернет-ресурсында орналастырылып, қоңырауларды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізу жауапты қызметшіге жүктелген.

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындары тарапынан «Сенім телефоны» арқылы басқарма қызметшілерінің және спорт мекемелері мен кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты хабар тіркелген жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарына арналған жәшік қолжетімді жерге орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында 2017 жылдың 15 маусымында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы – Амирбеков Ерболат Ерланбекұлының мен «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі- Дармурзаев Асылхан Исмаилұлының қатысуымен  семинар-кеңес өткізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №13 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша басқарма қызметіне және спорт мекемелерінің қызметіне барлығы 5 мониторинг жүргізілді.

Атап айтқанда, 2017 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша басқармаға қарасты «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой  клубы» КММ-нің, «Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы» КММ-нің, «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» КММ-нің, «Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты» КММ-нің және «Бұқаралық-спорттық шараларды өткізу орталығы» КММ-нің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. Аталған кәсіпорындар қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында буклеттер таратылды.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген 5 мониторинг нәтижелері бойынша мониторинг жүргізілген мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері және оның туындау себептері байқалған жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының 2.3 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қажеттігі туындаған жоқ.

2017 жылдың 10 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік сатып алу заңнамаларын түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы – Амирбеков Ерболат Ерланбекұлының, Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Әлімбаев Нұржан Серікұлы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің мүшесі, Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Дайрабаев Дәурен Жигулиұлының қатысуымен басқармаға қарасты барлық мекеме басшыларына семинар-кеңес өткізілді.

Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Нормативтік-құқықтық ақпарат» атты бөлiмдерінде басқармаға қатысты нормативтік-құқықтық актілердің және басқарманың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары мәтіндері орналастырылған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлері және спорт мекемелері мен кәсіпорындары басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа байланысты Қазақстан Республикасының Заңдары талаптарын бұзу фактілері орын алған жоқ.

Басшының 2017 жылғы 25 мамырдағы №01-74 бұйрығымен басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілген.

Сонымен қатар, басқармада өтініш-арыздарға арналған жәшік, басқарма басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау кестесі және сенім телефоны туралы ақпарат көрнекі жерге орналастырылған.

Басқарманың www.zhambylsport.kz ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» айдарлары ашылып,  онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар (Стратегия, жаңадан қабылданған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мәтіні, осы бағытта өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер) орналастырылған.

Есепті кезеңде, «Жамбыл-Тараз» газетінің 2017 жылғы 28 маусымдағы №26 (1366) санында «Заңды білмеген жазадан босатылмайды», «Арай» газетінің 2017 жылғы 13 шілдедегі №27 (611) санында «Жемқорлық күрес жүйелі жүргізілуде»,  «Жамбыл-Тараз» газетінің 2017 жылғы  18 қазандағы №42 (1382) санында «Заңнама талаптары түсіндірілді» тақырыбында мақалалар жарияланды.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары