Бүгін: 26.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 6 – 9 шілде аралығында Берлин (Германия) қаласында дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жүзуден Германия ашық чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Әлемнің 51 мемлекетінен 610 дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты.

Қазақстан құрама командасы құрамында 9 спортшы қатысып 9 алтын, 6 күміс және 9 кола медаль иеленді.

Қазақстан құрама командасы құрамында Жамбыл облысынан Зульфия Габидуллина қатысып жарыс қорытындысы бойынша 200м еркін жүзуден, 100м еркін жүзуден және 50м еркін жүзуден 3 алтын, «Шебер»  санатында – 1  күміс медальді және екінші дәрежелі «Шебер» санатында  3 алтын медаль иеленді

Сонымен қатар Зульфия Габидуллина 200м еркін жүзу қашықтығында Әлем рекордын жаңартты.