Бүгін: 12.11.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

 

  1. Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстім. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймін бе?

Жоқ, төлеуге міндетті емессіз. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес білім алу ұйымдарынан берілетін шәкіртақылардан, ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік атаулы шәкіртақылардан және ҚР Президентінің арнаулы шәкіртақыларынан міндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.  

 

Менің азық-түлік дүкенім бар. Зейнетақы жарналарын өзімнің және жұмыскерлерімнің пайдасына қалай аударамын?

Міндетті зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзімі мен тәртібі ҚР заңнамасында көрсетілген.  

Егер Сіз жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін болсаңыз, міндетті зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлеріңіздің зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуіңіз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны – есептегі айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейсіз.

Арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзімде аударады. Бұл ретте салық кезеңі – бір күнтізбелік жыл. Демек, міндетті зейнетақы жарналары жылына бір рет патент алғанға дейін төленеді. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады» бөлімінен оқи аласыз. 

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ

 

Құрметті отандастар!

Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!

Өткен жұма Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Президенттік миль» жеңілатлетикалық жүгірісі өтті. Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жұмылып ұйымдастырған спорттық шараға, жалпы алғанда 500-ден астам адам қатысты. Акцияның мақсаты – халықты салауатты өмір салтына жұмылдыру, сонымен қатар спорт пен дене шынықтыруды дамыту.

Қазақстанда спортқа барынша қолдау көрсетіліп келеді. Отандық спортшылар тәуелсіздік алған жылдардан бері халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын дамытуға, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етіп отыр.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында биыл да тәуелсіз компанияның күшімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды көрсетсе, Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 6,4 баллға жетті. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметі аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негізі зейнетақы болады деген пікірмен келіседі. Демек адамдар ертеңгі күні, болашақ зейнетақысы туралы ойлана бастады деген сөз. Ал бұл экономикалық тұрғыдан тұрақты қоғамның негізі болып табылады.   

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.     

2019 жылдың 15-20 шілде аралығында Амман (Иордания) қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында паратаеквондодан ашық Азия чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 25 елінен 234 спортшы қатысты.Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы құрам командасы сапында 2 спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшысы Ержанов Жұмағали 49 келіде Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

2019 жылдың 12-20 шілдер аралығында Нұр-Сұлтан қаласында пауэрлифтингтен жастар және ересектер арасында Әлем  чемпионаты өтуде. Жарысқа әлемнің 76 елінен 462 спортшылар қатысуда. Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы құрам командасы сапында 1 спортшы қатысуда. Жарыстың бірінші күні Жамбыл облысының спортшысы Карибай Ерболат пара пауэрлифтингтен 49 келіде жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Достар, өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін құру туралы шешім қабылдады. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың басым бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асырудың бастауы екендігін куәландырады.

Институционалдық өзгерістерге қарамастан, парасаттылық идеологиясына негізделген жұмыстың жаңа форматы біз үшін басым болып қалуда. Алайда, сыбайлас жемқорлық шенеуніктерді ұстау көңіл-күйді ешкімге көтермейтіндігін жақсы түсінсек те, жұмысымызды әлсіретуге ниетті емеспіз.

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары