Бүгін: 07.06.2020
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгіде көрсететін қызметтерді белсенді түрде енгізуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетілетін қызметтердің 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегімен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердің бірқатары жаңартылып, жетілдірілді. Солардың бірі – Қордың мобильді қосымшасы.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Таңатаров Ақжүрек Достықұлы 7-ші  ақпан күні Тараз қаласындағы №16 орта мектебінде облыс жастарымен кездесу өткізді. 

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын ілгерілету мақсатында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» бұқаралық командалық ұлттық ойынын өскелең ұрпаққа насихаттау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізу іс-шарасы бастау алды.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Франция астанасы Париж қаласында 8-9 ақпан күндері өткен әлемдік «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін  дзюдошымыз қола жүлде үшін белдесуде (кіші финал) Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинді айқын басымдықпен ұтты.

2020 жылдың 3-5 ақпан күндері Нұр-Сұлтан қаласында пара дзюдодан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2020 жылдың 5-6 ақпан күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында қазақ күресінен 2000-2002 жылы туған жастар (ұлдар мен қыздар) арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті.

Павлодар облысы Екібастұз қаласында 27 қаңтар - 2 ақпан күндері 2002-2003, 2004-2005 жылы туған қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

2020 жылдың 25-26 қаңтар аралығында Минск (Беларусь) қаласында жүзуден көру қабілеті төмен және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы  Беларусь Республикасының ашық чемпионаты өтті.

2020 жылдың 20-25 қаңтар күндері Атырау қаласында 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде республикамыздың барлық өңірлерінен 198 спортшы 11салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

2020 жылдың 14-20 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Чемпионатқа республиканың 14 облысынан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 224 спортшы бақ сынады.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары