Бүгін: 12.11.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 16 – 21 сәуір аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы ипподромда Ұлттық ат спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату спорты түрлерінен Жастар арасындағы ұлттық ат спорты түрлерінен Бірінші Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қытай, Ресей, Малайзия, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен 142 спортшы қатысты.

 2019 жылдың 14-20 сәуір аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында волейболдан Жоғарғы лига әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXVІI чемпионатының 5 – тур ойындары өтті.

2019 жылдың 18-19 сәуір күндері Қарағанды қаласында әйелдер күресінен 2004-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

2019 жылдың 10-15 сәуір аралығында Ташкент  қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында пумсэ мен таеквондодан (WT) жолдастық кездесу өтті. Кездесуге Өзбекстан, Қырғыстан, Қазақстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінен келген 5 командадан  40-қа жуық спортшы қатысты.

2019 жылдың 1-10 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында шахматтан (классика мен блиц) есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа 9 командадан  38 спортшы қатысты.

2019 жылдың 11-14 сәуір аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында дзюдодан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия Кубогы өтті. Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы құрам командасы сапында 11 спортшы қатысып, 50 кг салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев І орын иеленді. Сонымен қатар, Қазыбек Рақышев (81кг), Аяулым Қуанышева (52кг) , Шапағат Дәулет (57) ІІІ орындарға ие болды.

Аға жаттықтырушы Оразалы Ермекбаев.           

 

 

2019 жылдың 1-6 сәуір аралығында Ақтөбе қаласы, «Жекпе-жек» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде ол талай сыннан өтті. Бүгінде жүйе заман талабына сай жемісті жұмыс істеп келеді және болашағы айқын.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы. Оның қызметі ашықтық және айқындылық қағидаларына негізделген.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында біз тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап береміз.

 1.Зейнетақы шотын ашу үшін не істеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

2019 жылдың 05-09 сәуір аралығында Тараз қаласы №6 облыстық спорт мектебінің бокс кешенінде Жамбыл облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Кеңесхан Ахаевты еске алуға арналған бокстан 2005 – 2006 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының «Оңтүстік» аймақтық чемпионаты өтті.

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары