Бүгін: 12.11.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ мектебі аясында осымен төртінші рет БАҚ өкілдері, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері үшін қарқынды оқыту курсын өткізеді. Бұл жолғы курс тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қажетті мағлұматтар». 

2019 жылдың 05-07 сәуір аралығында Анталия (Түркия) қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Prix» турнирі өтті. Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрам командасы сапында 60 кг салмақ дәрежесінде Елдос Сметов І орын иеленді. Жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев.           

2019 жылдың  27-29 наурыз аралығында  Тараз  қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында жүзуден тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты  өтті.

Чемпионатқа Алматы, Астана, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан 81 спортшылар қатысты.

2019 жылдың 11 – 15 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында қазақ күресінен 2002 – 2003 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Чемпионатқа барлығы 600-ге жуық спортшы қатысты.

2019 жылдың 14-22 наурыз аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде көкпардан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің облыстарынан 14 командадан 280 спортшы қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша Жамбыл облысының көкпаршылары І орынды жеңіп алды.  

Сонымен қатар, жамбы атудан Бабажан Бақдәулет ІІ орын, аударыспақтан Сүндетов Асланбек 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ орынға иеленді.

 2019 жылдың  17-28 наурыз аралығында Лас-Вегас (АҚШ) қаласында спорттық акробатикадан  Әлем Кубогы өтті. Жарысқа Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының сапында Юлия Просветова мен Анель Нұржанова қатысып  ІІІ орын иеленді. Юлия Просветова мен Анель Нұржанова №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары.

 

ҚР Ұлттық Банкі шоғырландыру тәуекелін азайту, сондай -  ақ қолайлы нарық жағдайын ескере отырып, зейнетақы активтерінің портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздарын жартылай сату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бағалы қағаздары атаулы құнының 87,75 пайызы көлемінде жалпы сомасы 4,47 млн АҚШ долларына (немесе 1,68 млрд теңге) сатылды. Бұл көрсеткіш осы бағалы қағаздардың сатып алу құнынан жоғары.

2019 жылдың 18 – 23 наурыз аралығында Улан-Батор (Монғолия) қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының құрамында Қордабай Мейірбек  қатысып, 87 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді.

Облыстың аға жаттықтырушысы – Серік Қалдықұлов.

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат беріліп жатыр.

2019 жылдың 01-03 наурыз аралығында Анталия (Түркия) қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында халықаралық турнирі өтті. Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы құрам командасы сапында 5 спортшы қатысып, 50 кг салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев ІІІ орын иеленді.

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары