Бүгін: 16.01.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

 Бүгін «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» тақырыбында Дөңгел үстел ұйымдастырылды.
Форум-кеңес түріндегі шара БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, жетекші сарапшылар, саясаттанушылар, экономистер, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, журналистер және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты.
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева өзінің кіріспе сөзінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жемісті жұмыс істеп жатқандығын және даму келешегі айқын екендігін атап өтті. 2018 жылдың 1 желтоқсанына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн астам жеке зейнетақы шоттары ашылған. Оларда 9,1 трлн теңге сомасында зейнетақы жинақтары шоғырландырылған. Жүйе іске қосылғаннан бері оған зейнетақы жарналары ретінде барлығы 6,6 трлн теңге аударылды. Ал төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударылған жинақтардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Жинақтардың үштен бірінен астамы салымшылар мен алушылардың шоттарына инвестициялық басқарушылардың күшімен инвестициялық табыс ретінде келіп түскен.
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағынының бірыңғай операторы болып табылады. Қордың миссиясы – қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2018 жылғы «13» желтоқсан
көмек көрсету. БЖЗҚ-ның негізгі стратегиялық міндеті – зейнетақы қызметтерінің сапасы және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қордың қызметі ашықтық және айқындылық қағидасына негізделген. Заманауи жинақтаушы зейнетақы жүйесі алдында ашықтық, инвестициялық табыстылық мәселелерімен қатар, Қазақстан үшін өзектілігі артып жатқан бірқатар сын-тегеуріндер бар. Бұл халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне барынша тарту, сонымен қатар жоғалтқан еңбек табысының орнын басу коэффициентін арттыру. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның сараптамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы төлемдерін алушылардың орташа ауыстыру коэффициенті 43 пайызды құрады. Мұнда базалық және ортақ зейнетақы ескерілді. Жинақтаушы құрамдауыш есебінен ауыстыру коэффициентін ұлғайтуға 2020 жылдан бастап енгізілетін шартты-жинақтаушы құрамдауыш – жұмыс берушілердің өз жұмыскерлерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары елеулі түрде ықпал ете алады. Одан басқа, міндетті жарналарды ерікті зейнетақы жарналарымен еселендіруге болады. Бірақ, өкінішке қарай бұл жарналар елімізде әлі жеткілікті дамымаған. Халықты ерікті зейнетақы жоспарларына тартудың негізгі шарттары: жеңілдетілген салық салу, ерікті зейнетақы жинақтары бойынша тартымды жағдайлар жасау, жұмыс беруші немесе мемлекет тарапынан бірлесіп қаржыландыру, халықтың хабардарлығын арттыру.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның бұдан 20 жыл бұрын зейнетақы реформасын жүргізуі қоғам және экономика үшін маңызды қадам болғанын атап өтті. Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды. Жүйенің табыстылығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігі белгілі. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халық табысының артуына септігін тигізеді.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары