2019 жылдың 1-6 сәуір аралығында Ақтөбе қаласы, «Жекпе-жек» спорт кешенінде тірек-қимыл аппараты зақымданған жастар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа 11 командадан 50- ге жуық спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан 2 спортшы қатысып, төмендегідей нәтижеге қол жеткізді.
Жекелей
І орын – Мукашев Айдос
ІІІ орын – Станбек Ерсен
Жұппен
ІІ орын – Мукашев Айдос – Станбек Ерсен