Бүгін: 19.08.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 13 мамыр күні №4 Облыстық мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің теннис кортында Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында асық атудан 2006-2008 жылдары туылған ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысы чемпионаты өтті.

Асық ату ұлттық ойындары Қазақстанның ертеден келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ату ұлттық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. «Асық ату» ұлттық ойыны ұжымдық негізінде ойналуы, жастар арасында өзара сенімділік пен достық қарым-қатынастардың нығаюына  үлкен мүмкіндік береді.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, облыстағы жасөспірімдер арасында ұлттық ойынды дамыту, ұлтық ойын түрімен шұғылданушылар қатарын арттыру болып табылады.

Аталған жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан 6 командадан, барлығы 36 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаз – жүлдегерлер анықталды:

Командалық есепте:

Ұлдар арасында

І орын -  Әулие-Ата құрама командасы.

ІІ орын - Жамбыл  ауданы құрама командасы.

ІІІ орын – Байзақ ауданы құрама командасы.

Қыздар арасында

І орын -  Жамбыл ауданы құрама командасы.

ІІ орын – Т.Рысқұлов  ауданы құрама командасы.

ІІІ орын – Байзақ ауданы құрама командасы.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары