Бүгін: 17.07.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2019 жылдың 27  мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы волейболдан облыстық турнирі  өтті.

Жарысқа Тараз қаласы мен аудан әкімдіктіктерінен жасақталған 11 құрама командадан  110 мемлекеттік қызметші  қатысты.

Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырды.

Турнир мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, қызметкерлер арасында достық қатынасты орнату, мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру.  Сондай-ақ, ү.ж. маусым айында Павлодар қаласында өтетін әкімшілік мемлекеттік қызметшілер (ерлер) арасындағы волейболдан республикалық турнирге іріктеу болып табылады.

Жарыс қорытындысы:

І орын – Т.Рысқұлов ауданы  әкімдігінің  құрама командасы;

ІІ  орын - Жуалы ауданы әкімдігінің құрама командасы;

ІІІ орын  - Байзақ  ауданы әкімдігінің құрама командасы.

  

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары