Бүгін: 23.10.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстанда спортқа барынша қолдау көрсетіліп келеді. Отандық спортшылар тәуелсіздік алған жылдардан бері халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Спорттың дамуына бұқаралық спорт қозғалысын дамытуға, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етіп отыр.

Байрақты бәсекелерде топ жарған қазақстандық спортшылар тұтас еліміздің мақтанышына айналды деуге болады.

Жыл сайын Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтеді. Биыл мереке тамыздың 16-сы тойланды. «Тараз-Арена» спорт сарайында «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған облыстағы спорт мекемелерінің қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Спартакиада спорттың 6 түрі (Кіші футбол, қол күрес, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту, жүзу) бойынша өткізілді.

Жарысқа Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің спорт бөлімдерінен, облыстық спорт мекемелерінен жасақталған 22 құрама  командадан 462 адам қатысты.

Спартакиаданы өткізу, жалпы басшылықты ұйымдастыру Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.

Облысымыздың спорт саласының қызметкерлерін марапаттап, құттықтауға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, Жамбыл облыстық мәдениет және спорт саласының кәсіподағы төрайымы Алшынбаева Жанна және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы қатысты.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, спорт мекемелері арасында достық қатынасты орнату, сонымен қатар мекеме қызметкерлерін  бұқаралық спортқа тарту мен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналасуын қамтамасыз ету.

Қазақ елінің спортшыларының кәсіби мерекесі құтты болсын!

 

 

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары