Бүгін: 23.10.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Өткен жұма Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Президенттік миль» жеңілатлетикалық жүгірісі өтті. Тараз қаласы әкімдігі мен Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы жұмылып ұйымдастырған спорттық шараға, жалпы алғанда 500-ден астам адам қатысты. Акцияның мақсаты – халықты салауатты өмір салтына жұмылдыру, сонымен қатар спорт пен дене шынықтыруды дамыту.

Жарыс «Достық» алаңынан бастау алып, ҚР Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына дейін Төле би даңғылының бойымен өтті.

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев акцияға қатысушыларды, жиылған көпшілікті аталмыш шарамен құттықтап өтті.

Тұңғыш бестікте келген жүлдегерлер Жамбыл облысының дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Президенттік миля - денсаулыққа жол!

      

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары