Бүгін: 23.10.2019
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

«Адал жүрек» қайырымдылық науқаны аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мен облыс әкімдігінің дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында марафон өткізілді.

«Достық» алаңынан бастау алып Төле би даңғылының бойымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағына» дейін жеңілатлетикалық жүгіріс жасалды. 2400 метрлік марафонға 400-ге жуық адам қатысып, жеңімпаздар арнайы жүлделермен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
Марафонды өткізудегі басты мақсат - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау. Сонымен қатар, қоғамды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп, жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Марафонда мемлекеттік орган қызметшілерімен қатар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері белсенділік танытуда.
Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға, ал тапсырылған қан науқас жандарға аударылатын болады.

 

 

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары