Бүгін: 11.10.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Бүгін «Жастар аллеясында», дзюдодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы (50 кг.)  атанған Нұрқанат Серікбаевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Спортшыны күтіп алған Жамбыл облысы спорт басқармасының басшысы Нүрбол Жүнісбеков құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.

Нұрқанат Серікбаев, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:

 - Әрине, қуаныштымын чемпион болғаныма. Осы жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Енді қуанғанымды сөзбен жеткізе алмайсың ғой. Ендігі мақсатым – Олимпиада чемпионы болу алда,- деп жиналған жанкүйерлеріне, ата-анасына, жаттықтырушыларына өз ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, 25 қыркүйек күні Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрқанат Серікбаев дзюдодан жеңімпаз атанды. 50 келіге дейінгі салмақта қарсыластарға шақ келтірмеген ол ел қоржынына алғашқы алтынды салды.

Ол финалда Еуропа чемпионы франциялық Ромен Валадьеден басым түсті. Нұрқанат Әлем чемпионатында 4 кездесу өткізіп, төртеуін де уақытынан бұрын жеңген

 

 

   

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары