Бүгін: 29.05.2020
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын ілгерілету мақсатында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» бұқаралық командалық ұлттық ойынын өскелең ұрпаққа насихаттау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі бірлесе ұйымдастырған Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мекемелерде семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізу іс-шарасы бастау алды.

Алғашқы шеберлік сағаты 7-ші ақпан күні Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №3 мектеп-лицейінде өткізіліп, 4-7 сынып аралығындағы барлығы 148 мектеп оқушысы қамтылды.  Шеберлік сағатын «Алаңдағы тоғызқұмалақ» бұқаралық командалық ұлттық ойынының авторы Шалов Асқар Орынбекұлы өткізді.

Іс-шара барысында аталған спорт түрінің жалпы ережесі мен әдіс-тәсілдері кеңінен таныстырылып, оқушылар арасында «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойыны ұйымдастырылды. Аталған  іс-шара жыл соңына дейін өз жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

    

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары