Бүгін: 03.07.2020
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірімізден шыққан, ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап, атой салған спортшылармен кездесу өткізді. Кездесуге Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Ақжүрек Таңатаров, Марат Жақыт, Бейбіт Ыстыбаев, Елдос Сметов, Зульфия Габидуллина, Әбілхан Аманқұл, Гузалия Гафурова, Әлішер Ерғали...

Бұл тізімді шексіз жалғастыра беруге әбден болады. Өйткені киелі Жамбыл топырағы чемпиондарға қашанда бай.

Отырыста бапкерлердің хал-ахуалын жақсарту, өзге де аймақтардан білікті мамандарды тарту, ауылдардан талантты, дарынды жігіттерді табу, спорттық медициналық орталық ашу, облыс орталығындағы спорт интернатында оқитын оқушылар санын арттыру сынды мәселелер сөз болды. Сонымен қатар спорт саласының біршама түйткілді мәселелері көтерілді. Сөз соңында Бердібек Мәшбекұлы қазіргі жағдайға қарамастан кездесуге келген спортшыларға өз алғысын білдірді. Жиында сөз болған түйткілді мәселелердің түйінін шешу үшін осы сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.

 

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары