Бүгін: 06.08.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттанудың өсуіне байланысты 5 шілдеден бастап коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында бірқатар шектеу шараларымен он төрт күндік карантин енгізілді.   

 Осылайша коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің өңірлік филиалдарының төмендегідей жұмыс тәртібі туралы хабарлайды.

Жеті өңірде алдын ала жазылу бойынша күндізгі қызмет көрсету режимі сақталады (филиалдың барлық қызметкерлерінің 50% аспайтын бөлігі жұмыспен қамтылады). Күндізгі қабылдау Алматы, Шығыс Қазақстан (Қарауыл ауылы, Ақтоғай станциясы, Қалбатау ауылындағы бөлімшелерден және Семей қаласындағы өңірлік филиалдан басқа), Батыс Қазақстан, Қызылорда (Жаңақорған ауылындағы бөлімшеден басқа), Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ  Жезқазған қаласындағы өңірлік филиалда жүзеге асырылады.   

Жазылуды enpf.kz корпоративтік сайтында екі-үш әрекетпен-ақ оп-оңай іске асыруға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет алу кезегін брондау» баннерін басып, әрі қарай Сіз біздің филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетіңізше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері 9:00-ден 18: 00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Түскі үзіліс кезінде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейін операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртіп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында жұмыс үстелінің үстін, орындықтарды, есік тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екі техникалық үзіліс  қарастырылған.

Қалған облыстарда «БЖЗҚ» АҚ бірқатар шектеу шараларын 31 шілдеге дейін күшінде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлімшелері құжаттарды байланыссыз қабылдау және қашықтықтан қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.  

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейін созылады. Мұндай режимде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан  облыстық филиалдары, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы филиалдар жұмыс істейді. Байланыссыз қызмет көрсететін филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.    

Қордың кезекші қызметкерлері алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтік қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметін тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтініштерді ресімдеу.

БЖЗҚ қызметінің өзге де түрлерін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту, ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т. б. Сіз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде ала аласыз (электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша нұсқаулықтар тиісті бөлімдерде қоса беріледі).

Еске сала кетейік, БЖЗҚ-да барып қызмет көрсету бөлімі де бар. Қазіргі уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлігін тарта отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметті көзбе-көз алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштерді) ресімдеу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетуді барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

            Сонымен қатар Қор қызметкерлері салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерін алу үшін қашықтықтан көрсетілетін қызметтерді төмендегі тәсілдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

1) өңірлік бөлімшелердің кезекші қызметкерлеріне телефон байланысы арқылы өтініш жасау (тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына жүгіну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмірі бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші;

5) өтініштерді Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштасы арқылы жіберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік  желілердегі  аккаунттар.

           Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтік сайтында алдын ала онлайн түрде тексеріп, кейіннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жіберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

            «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдарының тізімі мен олардың жұмыс тәртібі сілтеме бойынша қолжетімді.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары