Бүгін: 23.10.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2018 жылдың 26-27 қаңтар аралығында «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» спорт кешенінде (Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №16 «г») самбо күресінен 2000-2002 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Жарыс жасөспірім ұлдар арасында 10 (48кг, 52кг, 56кг, 60кг, 65кг, 70кг, 75кг, 81кг, 87кг, +87кг) қыздар арасында 10 (40кг, 44кг, 48кг, 52кг, 56кг, 60кг, 65кг 70кг, 75кг, +75кг) салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Жарысқа республиканың 14 облысынан және Астана мен Алматы қаласынан барлығы 400-ден астам спортшы қатысуы жоспарлануда.

Жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасының самбо федерациясы және  Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы  жүзеге асырады.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты үздік палуандарды Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасы сапына іріктеу, жастарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

 

Жарыстың салтанатты ашылуы: «Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы» спорт кешенінде 2018  жылдың 26 қаңтар  күні сағат 12.00-де (Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы №16 «г»).

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары