Бүгін: 18.10.2017
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 30 тамыз күні Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай облыс тұрғындары арасында велошеру  өтті.

Велошеру бағыты: «Достық» орталық алаңы  - «Қазақ хандығы» монументі-  «Достық» орталық алаңы.

Велошеруді өткізу бойынша үйлестіруді Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Тараз қаласының әкімдігі бірлесе жүзеге асырды.

Велошеруге облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары,  құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің аппараттары, акционерлік қоғамдар, Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар мен мекемелер, жоғарғы және арнайы орта  оқу орындары мен қала тұрғындарынан барлығы 700-ге жуық адам қатысты.

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, облысымыздың тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қолжетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушылар арасында сыйлықтарды ойнату-акциясын ұйымдастырды.