Бүгін: 18.11.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 2-11 қыркүйек аралығында Будапешт (Венгрия) қаласында армрестлингтен ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа әлемнің 44 мемлекетінен барлығы 1000 жуық спортшы қатысты. Жамбыл облысының спортшылары ҚР Ұлттық құрама командасының сапында қатысып, 16 медаль (8 алтын, 5 күміс, 3 қола) иеленді.

Олар, жасөспірімдер арасында А.Кәрімбаева (50 кг), Е.Ляхова (65 кг), Б.Рейсов (55 кг), А.Қараманова (55 кг), О.Письменная (+70 кг) – І орын; Е.Савченка (50 кг) – ІІ орын, А.Әбдікерім (70 кг), А.Каст (70 кг) – ІІІ орын;

ересектер арасында Т.Верина (55 кг), О.Письменная (80 кг), А.Лисианская (+80 кг) – І орын, Э.Шадырқұл (60 кг), А.Караманова (55 кг), Т.Трубина (70 кг), В.Фараджов (65 кг) – ІІ орын, И.Рейсов (55 кг)  - ІІІ орын 

Жалпы командалық есепте

І орын – Қазақстан

ІІ орын – Ресей Федерациясы

ІІІ орын – Венгрия.

Облыстың аға жаттықтырушысы  - Жандос Талғат.