Бүгін: 14.11.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 15-19 қазан аралығында Лондон (Ұлыбритания) қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара-таеквондодан 7-ші Әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа әлемнің 57 мемлекетінен  268 спортшы қатысты.

Чемпионатта ел намысын: Жамбыл облысының «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» спортшысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан қорғап, нәтижесінде К42 классында +75 салмақ дәрежесінде Иран елінен келген Нариман Ахмедтен 17-15 есебімен басым түсіп, ақтық сында Түрік спортшысы Когбаба Ясар Саминді 23:11 есебімен жеңіп пара-таеквондодан Әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

Өміралі Нышанның бапкерлері: Таеквондодан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Абдикаиров Алмаз Абдиманапович пен Есильбаев Нуржан Чалобаевич.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: І орынды Ресей федерациасының құрама командасы (6 алтын, 2 күміс, 5 қола), ІІ орынды Турция мемлекетінің құрама командасы (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) және үшінші жүлделі орынды Монғолия (2 алтын, 1 қола) және Қазақстан (2 алтын) құрама командалары алды.