Бүгін: 20.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың 24-26 қараша аралығында Тараз қаласы, Қ.Тұрысов көшесі 3Е №4 облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің үлкен теннис кортында асық атудан 2004-2006 ж.т.  жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Алматы, Астана, Тараз қалаларынан және Қызыорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан 42 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша командалар төмендегі орындарға иеленді:          

(ерлер арасында)

 

1 орын Жамбыл облысы  (12 ұпай)

2 орын Қостанай облысы (10 ұпай)

3 орын Алматы қаласы     (8 ұпай)

 

(қыздар арасында)

 

1 орын Қостанай облысы (8 ұпай)

2 орын Жамбыл облысы   (6 ұпай)

3 орын Астана қаласы       (4 ұпай)