Бүгін: 27.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың  30 қараша күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан  облыстық турнир өтті.

Аталған  турнирге облыстық әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық комитеттер, департаментер мен басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінен жасақталған  24 командадан 216 спортшы  қатысты.

Облыстық турнирді өткізудің жалпы үйлестіруін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.

Турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте төмендегідей командалар анықталды:

І орын – Тараз қаласы әкімдігінің құрама командасы;

ІІ орын – Сарысу ауданы  әкімдігінің құрама командасы;

ІІІ орын – Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құрама командасы.

 

Номинациялар бойынша төмендегідей үздік ойыншылар анықталды:

1.Үздік қақпашы - Құрбанов Жанәділ (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті)

2.Үздік қорғаушы - Байбоконов Бауыржан  (Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті)  

3.Үздік шабуылшы - Қырғызбаев Абзал (Сарысу ауданы әкімдігі)

4.Үздік ойыншы - Өміралиев Қуаныш (Тараз қаласы әкімдігі)

5.Ардагер спортшы - Омаров Әділхан (Байзақ ауданы әкімдігі)