Бүгін: 22.07.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

2017 жылдың  2 - 7 желтоқсан аралығында Мехико (Мексика) қаласында  «Aquaticsvenueatthe MEXIСOCITI 1968 OLYMPIC GAMES» стадионында паралимпиадалық спортшылар арасында жүзуден және пауэрлифтинг спорт түрлерінен Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа бүкіл әлемнің 126 елінен 900 мықты спортшылар қатысты. Соның ішінде, жүзуден 55 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының намысын паралимпиалық ұлттық құрама команда сапындағы 8 жетекші спортшылар қорғады. Олар: Зүлфия Габидуллина (Жамбыл облысы), Наталья Звягинцева (Қарағанды облысы), Андрей Афанасьев (Қарағанды облысы),  Сәлімгереев Ержан (Атырау облысы), Әнуар Ахметов (Астана), Кирилл Ильюкевич (Алматы қ.), Роман Агалаков мен Мансурбек Ибрашев (Оңтүстік Қазақстан облысы).

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсіміне еліміздің туын жүзуден 2016 жылғы Рио-де-Жанейро паралимпиадалық ойындарының  жүзуден чемпионы Зульфия Габидуллина мен  пауэрлифтингтен күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева алып шықты.

3 желтоқсан жарыстың екінші күні  (IPC) Халықаралық Паралимпиадалық Комитеттің басшылығымен 1-3 спорттық класстағы әйелдер арасында «2017 жылы Дүниежүзілік жеңістер сериясы» марапатымен Зульфия Габидуллинаны сонымен қатар әлемнің аңызына айналған төрт жүзушілері марапатталды.

Жүзуден (паралимпиада мен олимпиада) тарихында, Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құрама командасы, ҚР  бас бапкері, ҚР еңбек Сіңірген жаттықтырушысы Саттар Бейсембаевтың басшылығымен осы әлем чемпионатында 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль ұтып алып жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олардың ішінде, Зульфия Габидуллина         1 алтын (50 м еркін жүзу), 1 күміс (100 м еркін жүзу), Наталья Звягинцева 1 алтын (50 м арқамен жүзу), Әнуар Ахметов, 1 күміс (100 м. брасс), Андрей Афанасьев 1 қола (100 м брасс).

Жалпы командалық есепте 55 ел арасында жүзуден медальдар саны бойынша 30 алтын, 16 күміс және 10 қола медальмен 1-ші орынды Қытай құрама командасы, 21 алтын, 20 күміс және 13 қола медальмен екінші орынды АҚШ құрама командасы,  30 алтын, 10 күміс және 8 қола медальмен үшінші орынды Италия құрама командалары жеңіп алды. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрамасы 15-ші орынға ие болды.

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған: ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар (Зульфия Ғабидуллина), ҚР ЕСЖ Манохина Наталья мен  Константинов Анатолий (Наталья Звягинцева), ҚР ЕСЖ Сания Асулова, Чистяков Константин (Роман Агалаков), ҚР ЕСЖ Владимир Загородний, Айдын Анапин (Әнуар Ахметов), Ракитина Инга, Инга Горбатова (Андрей Афанасьев)

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары