«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі Заңын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының (бұдан әрі - басқарма) сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес және Ар-намыс кодексі талаптарын орындау жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарының сақталуын қадағалайтын комиссия (бұдан әрі - комиссия) менің төрағалығыммен төмендегі құрамда құрылсын:
комиссия төрағасы:
Қайнарбеков Гамлет Төреханұлы – басқарма басшысы, комиссия төрағасы;
комиссия мүшелері:
Мұқанов Бекболат Қабылқанұлы – басқарма басшысының орынбасары;
Ізімбетов Назарбек Әжібекұлы – бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бөлімінің басшысы;
Шопанов Керімбек Талмаханбетұлы - жоғарғы спорт жетістігі бөлімінің басшысы;
Жүнісова Әсемгүл Серікқанқызы – персоналды басқару қызметінің бас маманы;
Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы – ұйымдастыру және құжаттама бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
3. Басқарма ғимаратының баршаға көрінетіндей жерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орналастырылсын.
Басқарманың сенім телефоны болып 51-71-95, факс номері болып 45-05-14 белгіленсін.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексін (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) талаптарын бақылау кітабы басқарма орналасқан ғимараттың 8 қабаттағы 807 бөлмесіне қойылсын.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және комиссия құру туралы» басқарма басшысының 2014 жылғы 12 ақпандағы №01-29 бұйрығының күші жойылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары Бекболат Қабылқанұлы Мұқановқа жүктелсін.
Басқарма басшысы Г. Қайнарбеков