Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83 282

112 431

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: [email protected]) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4,          №4-3.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын әзірлеуге қатысады. Облыс көлемінде дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және аймақтық бағдарламаның орындалуына ат салысады. Өз құзыреті шегінде бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін және мүгедектер спортының облыс көлемінде дамуына қатысады, облыс құрама командаларын жасақтауды ұйымдастырады, дайындығын қадағалайды және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, біріншіліктеріне, кубоктарына, және кешенді спорттық іс-шараларға, басқа да республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді. Облыстық спорт мекемелерінің жұмысын сараптайды, спорт жетістіктерін қадағалайды. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуін ұйымдастырады. Басқарманың құзыретіне кіретін бұқаралық спортты дамыту бойынша  жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет бөлігінде, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Басқарманың құзыретіне кіретін бұқаралық спорт түрлері бойынша мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ұсыныстар әзірлейді. «Спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі  бірінші  санатты  жаттықтырушы,  біліктілігі  жоғары  деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтар мен санаттарды беру» және «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді беру жұмыстарын және сапасына зерделеу жүргізеді. Әр түрлі деңгейдегі спорттық атақтар мен санаттар беруге уәкілетті органға ұсынымдар әзірлейді. Мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және осы шараға үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелерінде спорттағы оқу-жаттығу сабақтарының және жаттығу жұмыстарының жеке жоспарларға сәйкес өткізілуне бақылау жүргізеді, жұмысын бағдарлайды, спортшылардың жетістіктеріне есеп жүргізеді. Тараз қалалық, аудандық, ауылдық аймақтардың спорт жөніндегі мониторинг мәліметтерінің өз уақытында жинастырады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, ұлттық спорт түрлеріне насихаттайтын клубтардың, мектепке дейінгі  балаларға тәрбие беретін ұйымдардың, жалпы білім беретін және де басқа да оқу орындары мен ұжымдарда дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: дене шынықтыру және спорт немесе экономика немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

3) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-4 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:  мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: [email protected].

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Comments are closed.