Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес және Ар-намыс кодексі талаптарын орындау жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Жамбыл облысы әкімдігінің

дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының

2015 жылғы 23 қаңтардағы

№01-08 бұйрығымен бекітілген

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес және Ар-намыс кодексі талаптарын орындау жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспары

Р/с
Iс-шаралар Аяқтау нысаны Орындауға жауаптылар Орындау мерзiмi
1 2 3 4 5
1 Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің

2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының және басқарманың сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес және ар-намыс кодексі талаптарын орындау жөніндегі 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарының басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету

Басқарманың интернет- ресурсында орналасқан іс-шаралар жоспарлары Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі 2015 жылдың ақпан айы
2 Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат Персоналды басқару қызметі Тұрақты
3 «Сенiм телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшiктің оңтайлы жұмыс iстеуін ұйымдастыру Басқарма орналасқан ғимараттың қолжетімді жерде орналастырылған жәшік, оған келіп түскен арыз-шағымдарына жауап хаттар Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі Тұрақты
4 Басқарма басшысының облыс әкімі апппаратының тапсырмасы бойынша ауылды елді мекендер тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін насихаттау Кездесулер

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі Облыс әкімі аппаратының кестесіне сәйкес
5 Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет-ресурстарындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi» атты бөлімін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен, өзге де ақпараттармен толықтырып отыру Интернет- ресурстағы бөлiм

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі Тұрақты
6 Мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру Облыс әкімі аппаратына ақпарат Қаржы-шаруашылық бөлімі Тұрақты
7 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша мiндеттерiн орындамағаны үшiн басқарманың мемлекеттiк әкімшілік қызметшілерін жауапкершiлiкке тарту жөнінде ұсыныстар әзiрлеу Басқарманың тәртіптік комиссиясының шешiмi Персоналды басқару қызметі Тұрақты
8 Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету Облыс әкімі аппаратына ақпарат Басқармаға қарасты кәсіпорындардың басшылары Тұрақты
9 Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы талаптарының орындалу барысы жөнінде құқық қоғау органдары, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес өкілдерінің қатысуымен және саяси партиялармен бірлесе отырып

семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру

Семинар-кеңес хаттамасы

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ұйымдастыру және құжаттама бөлімі Жартыжылдық сайын

Comments are closed.