2016 жылдың 19-29 ақпан аралығында Көкшетау қаласында стандартты («классикалық»), белсенді («рапид») және жылдам («блиц») шахматтан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталған турнирге Қазақстанның 11 өңірінен барлығы 142 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан Серікбай Шыңғысхан, Әлібекова Диляра және Шекербек Назерке сайысқа түсіп, стандартты шахматтан Әлібекова Диляра жеңімпаз атанды.