Бүгін: 20.12.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

«Жамбыл облысы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы»Жамбыл облысы әкімдігінің қаулы жобасы (бұдан әрі - қаулы жобасы) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес сәйкес әзірленді.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 мамырдағы №65-VI Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған.

Атап айтқанда, Заңның 8 бабының 1 тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне жатады.      Сондай-ақ, Заңның 45 бабының 2 тармағына сәйкес спортшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар, спорт федерациялары, дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайын ақшалай үлес төлейді.

Қаулы жобасымен Жамбыл облысы бойынша спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту көзделіп отыр.

Қаулы жобасын әзірлеу кезінде заңнамада көзделген барлық рәсімдер және қажетті іс-шаралар толығымен сақталды(өткізілді).

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  20-бабына сәйкес облыстық қоғамдық кеңеске қаулы жобасы бойынша 17.07.2022 ж. оң ұсынымдар алу үшін хат жолданды.

Қаулы жобасы оған қоса түсіндірме жазбамен бірге Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 14.07.2017ж. орналастырылды. Көпшілік талқылау мерзімі 21.07.2022 ж. дейін белгіленген.

Көпшілік талқылау мерзімі ішінде ешқандай ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. Қорытынды есеп қоса беріледі.

Қаулы қабылданғаннан кейін, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын;

5) қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз ететін болады.

Қаулы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғамайды.

Қаулы жобасы азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайтыны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.

Сондай-ақ, қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

Жазылғанның негізінде, қаулы жобасы облыс әкімдігіне енгізіледі.

 

 

Басқарма  басшысы м.а.                                                     Б.Мұқанов  

 

Спорт түрлерін дамыту

бөлімінің басшысы                                                         Н.Ізімбетов

 

Әкімшілік бөлімінің

бас маман-заңгері                                                           Е.Айдаров

 

2017 жылғы «____» __________