Жиында басқарма басшысының орынбасары Н.Жолдасбеков:
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы №102 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылдың 24 ақпанындағы №60 қаулысымен бекітілген «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен таныстырды.
Жоғарғы спорт жетістігі бөлімінің бас маманы Г.Жанысбаева «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары» туралы баяндама окыды.
Жиын соңында басқарма басшысының орынбасары Н.Жолдасбеков алдағы уақытта спорттық разрядтарын және жаттықтырушы, төреші санаттарын алу үшін құжттарды әзірлегенде сапалы, әрі дұрыс толтырылуына жауапкершілікпен қарауды ұсынды.
Жыл соңында талдау жасалатынын, нәтижесіне мекеме директоры дербес жауапты болатыны айтылды.