Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №215 қаулысымен қабылданған Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өткен «Сұрақ-жауап» форматындағы семинар-кеңес туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекітілген.

Өз кезегінде, Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №215 қаулысымен Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) қабылданған.

Жоспардың 32, 34-тармақтарын орындау мақсатында а.ж. 23 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң нормаларын түсіндіру бойынша облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында «Сұрақ-жауап» форматында семинар-кеңес өткізілген.

Семинар-кеңеске Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Абдрахманов Ғани Керімтайұлы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің консультант-инспекторы Жұмабеков Ержан Кәрсенбайұлы Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің ақпарат талдау бөлімінің басшысыБайдалиев Мақсат Құралбекұлы, аталған департаменттің аға инспекторы Төртбаев Бауыржан Нұржанұлы қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасаған үшін тәртіптік және қылмыстық жауакершілікке тартудың өзекті мәселелері талқыланып, тиісті заң нормаларына түсіндірмелер берілді.

Іс-шараның мақсатты аудиториясы ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының мемлекеттік қызметшілері, спорт мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, бас есепшілері және өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын қызметкерлері шақыртылған (барлығы 114 адам қатысты).

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша басқарманың жауапты қызметшілері мен басқармаға қарасты мекемелер (кәсіпорындар) басшыларына Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ қолданыстағы заң нормаларының, әсіресе «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы талаптарының мүлтіксіз орындалуын қатаң бақылауға алуды және мекемедегі (кәсіпорындағы) мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлердің осы салада біліктілігін көтеруді ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

 

Comments are closed.