«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 102қаулысына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2685 болып тіркелген, 2015 жылдың 25 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған)мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіосы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К.Көкрекбаев