2016 жылдың 6-12 наурыз аралығында Орал қаласында бокстан 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа барлығы 161 спортшы қатысты. Чемпионат мақсаты, 6-16 шілде аралығында Якутск қаласында өтетін «Азия балалары» төртінші халықаралық спорттық ойынына іріктеу.
Жамбыл облысының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
Жексен Бейбарыс (48кг) – І орын, жаттықтырушысы - Әшкеев Ғ. (№17 бокс мектебі);
Жарқынбеков Әлібек (52кг) – ІІ орын, жаттықтырушысы - Асанов Н. (№6 бокс мектебі);
Маденов Ержігіт (63кг) – ІІІ орын, жаттықтырушысы – Жұматаев Р.(№1 бокс мектебі);
Асқар Ерсұлтан (63кг) – ІІІ орын, жаттықтырушысы – Жарқымбеков Е. (№6 бокс мектебі);
Марат Бексұлтан (80кг) – ІІІ орын, жаттықтырушысы – Тайтелиев Р. (№2 бокс мектебі);
Амангелдіұлы Махамбет (+80кг) – ІІІ орын, жаттықтырушысы – Нұрқатов А. (№6 бокс мектебі).
Облыстың аға жаттықтырушысы – Оспанов М.
2016 жылдың 11-13 наурыз аралығында Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында грек-рим күресінен 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысының біріншілігі өтті.
Аталған жарысқа облыстың спорт мектептері, спорт интернат және Жамбыл, Сарысу, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарынан барлығы 132 спортшы қатысты.
Салмақ дәрежесіне байланысты І орын алған спортшылар тізімі:
Елубаев Ернұр (42кг) – Байзақ ауданы;
Күліпбаев Нұрдаулет (46кг) – Спорт интернат;
Жарылқасын Ержет (50кг) – Спорт интернат;
Әшім Нұрбол (54кг) – Жаңатас қаласы;
Әбдісадық Бақдәулет (58кг) – Спорт интернат;
Ермахан Бекзат (63кг) – Спорт интернат;
Оспанов Айтқали (69кг) – Байзақ ауданы;
Судраб Альфред (76кг) – Байзақ ауданы ;
Таупаев Алихан (85кг) – Тараз қаласы;
Қуаныш Жанболат (100кг) – Байзақ ауданы.
2016 жылдың 26-28 ақпан аралығында Санкт-Петербург РФ Үкіметінің дене шынықтыру және спорт комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасын Ресейдегі жаңа командалық спорт түрі «Ордабасы» командалық ойының презентациясына шақырды.
Құрама команданы басқарған «Ордабасы командалық ойынының Қазақстандық федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Руслан Исмазов.
Презентация Санкт-Петербург қаласының «Газпромнефть» ғимаратында өтті. Жаңа спорт түрін 300-ден аса спортшылар, жаттықтырушылар және көрермендер үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Аталған презентацияға 15-тен аса команда қатысты. Іс шара Ресей мен ТМД елдерінде Қазақстанның жаңа ұлттық спорт түрін насихаттау мақсатында өткізілді.
Ақпарат үшін: 2012 жылдан бастап және жыл сайын Өзбекстан Республикасында «Ордабасы» командалық ойынынан халықаралық турнир өткізіліп тұрады, 2013 жылы презентация Украина Республикасында және 2014-2015 жж Қырғызстан Республикасында төреші-жаттықтырушы семинары өткізілді. Ендігі кезекте осы жылдың сәуір айында Санкт-Петербург РФ Үкіметінің дене шынықтыру және спорт комитеті «Ордабасы командалық ойынының Қазақстандық федерациясын» таэквон-додан ВТФ өтетін Бүкілресейлік турнирге шақырып, ашылу рәсімінде Қазақстанның жаңа ұлттық спорт түрін таныстыруға уақыт бөліп отыр.
«Ордабасы» командалық ойының Федерациясының облыстық, республикалық спорттық күнтізбенің жылдық жоспарына сәйкес, осы жылдың маусым айында презентация АҚШ – та, сонымен қатар маңызды 8 іс шара Қазақстан бойынша өткізіу жоспарланып отыр. Халықтың қызығушылығына байланысты осы жылдың сәуір айында Тараз қаласында «Ордабасы командалық ойынының облыстық турнирі өткізіледі және ол турнирге тек балалар ғана емес сонымен қатар олардың ата-аналары да қатысады (30 жасқа дейінгі аналар).
2016 жылдың 5-9 наурыз аралығында Атырау қаласында самбо күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 300-ден аса спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 30 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:
Смаганбетова Ақтолқын (80кг) – І орын;
Шегенова Арайлым (+80кг) – ІІ орын;
Әбілдашев Абзал (62кг) – ІІ орын;
Асаубек Самат (68кг) – ІІ орын;
Жартыбаев Аманғали (100кг) – ІІІ орын;
Мұратәлі Айгерім (64кг) – ІІІ орын;
Жазылбекова Анар (60кг) – ІІІ орын.
2016 жылдың 26-28 ақпан аралығында Болгария мемлекетінің астанасы София қаласында болгар елінің атақты балуандары Петко Сироков пен Иван Илиевті еске алуға арналған грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында халықаралық турнир өтті.
Турнирге 11 мемлекеттен 164 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 5 спортшы қатысып, Елубай Рамазан (50кг) –ІІІ орын жеңіп алды.