2014 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 23,3 пайызға жетті немесе 255 мыңнан астам адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға артты (20 мың 300 адам).
Спортпен тұрақты түрде шұғылданатын жастардың саны 83 мыңнан асты. Бұл жастардың 30 пайызын құрайды. (Облыста 286,9 мың жастар бар).
Есепті жылы 2287 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып 484 мың астам адам қатысты, 2013 жылмен салыстырғанда спорттық-бұқарал
Олардың қатарында, «Ауыл жасөспірімдеріні
Облыста осындай спорттық іс-шараларға ұйымдастыруда спорт ардагерлері тұрақты атсалысып, өздерінің бай тәжірибесімен ұдайы бөлісіп, өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп келеді.
Ол үшін сіздерге үлкен рахмет айтуға рұқсат етіңіздер.
Здесь особо хочу отметить активную работу председателя первичной организации ветеранов спорта Лобановой Марии Степановны, которая беззаветно предана своему делу, мы благодарны ей за ее организаторскую помощь во всех делах.
Құрметті әріптестер!
Соңғы жылдары облыста ұлттық спорт түрлерін дамыту басты назарға алынып келеді.
Оның ішінде, ат спорты, қазақ күресі, асық ату сияқты ұлттық құндылықтарымызд
Аудандық спорт мектептерінде көкпар, саятшылық, асық ату ұлттық спорт түрлері ашылды.
«Әулие-ата» ат-спорты клубының жастар командасы Қазақстан Республикасы чемпионатында бірінші орын иеленіп, үш дүркін жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, басқарма бұқаралық спортты тұрғындар арасында кеңінен насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары «Ақ жол», «Знамя труда», «Арай» газеттерімен және облыстық телеарнамен бірлесе жұмыс атқарып келеді.
2014 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында спорт тақырыбына 362 мақалажарияланса, телеарнадан 200-ден астам сюжет көрсетілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.
«Тараз-Арена» спорт сарайы ашылғалы бері, Тараз қаласы әлемдік және республикалық деңгейдегі ірі жарыстар өткізу орталығына айналып отыр.
Спорт сарайында екі жыл қатарынан «Еуразия барысы», спорттық бильярдтан Әлем чемпионаты, Б.Момышұлы және Д.А.Қонаев атындағы ірі турнирлер, волейбол ардагерлері арасында және бокстан еліміздің чемпионаты сынды айтулы жарыстар өткізілді.
Ал, аталған спорт сарайында ағымдағы жылы волейболдан Әлем Кубогінің І-ші кезеңі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін және ұлттық ат-спорты ойындарын ұйымдастыру көзделуде.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20- жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына орай спорттық іс-шаралар жоспарлануда. Бұқаралық сипаттағы бұл іс-шараларды ұйымшылдықпен өткізуге үлкен мән беріліп отыр.
2013 жылығы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің спорт ғимараттарын және ауылдық округ аппараттарын спорт бойынша нұсқаушы және нұсқаушы-әдіскер ставкаларымен қамтамасыз ету бойынша хаттамалық тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі тарапынан аудан әкімдіктеріне барлық ауылдық округтерде нұсқаушы-әдіскер бірліктерін ашу тапсырылған.
Бүгінгі күнге төрт ауданда: Қордай – 6 бірлік, Шу – 17 бірлік, Тұрар Рысқұлов – 11 бірлік, Сарысу – 9 бірлік нұсқаушы – әдіскер жұмыс атқаруда.
Ал, қалған аудандарда бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмей отыр.
Жастарды жат қылықтардан аулақ ұстау мақсатында және саламатты өмір салтын ұстануда оларды спорттқа тарту жұмыстары қолға алынған.
Ал, кәмелетке толмаған «Қиын» (257 бала) тобындағы балаларға даңқты спортшылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар тағы басқа танымдық шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 82 бала спортқа тартылды.
Есепті жылы облыс бойынша тұрғындарының спортпен жүйелі түрде шұғылдану үшін 263 спорт нысаны анықталған болса, жыл соңында бұл көрсеткіш 307-ге жетті. Яғни, бір жыл ішінде 44 нысанға өсті.
Оның 28-і Тараз қаласында, 279-ы аудандарда орналасқан.
Бұл нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін арнайы кестелер жасалып, ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Осы тұста, ауыл мектептерінің спорт залдарын оқу процесі аяқталғаннан кейінгі мезгілде ауыл тұрғындарына, оның ішінде жастарға қолжетімділігін арттыру назарға алынғаны дұрыс деп есептейміз.
Жалпы спорт саласының дамуына 2014 жылы – 5,65 млрд. тенге бөлінді. Бұл 2013 жылмен (5,43 млрд.тенге) салыстырғанда 4 пайызға артқан. Ал, инвестициялық жобаларға 1,3 млрд. теңге бағытталған.
Сонымен қатар, саланың материалдық-техн
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан спорттық іс-шараларға 2013 жылы 67,3 млн. тенге бөлінсе, 2014 жылы бұл мақсаттарға 90,6 млн. теңге бөлінді, немесе 23,3 млн. тенгеге артып отыр.
Жалпы, өткен жылы 23 спорттық нысан іске қосылып, облыстағы нысандар саны 2009 бірлікке өсті.
(оның ішінде, 1 спорт сарайы, 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт залдары, 662 спорт алаңшалары және де басқа 114 спорт нысандары).
Соңғы жылдары облыста спорт инфрақұрылымдары
Облыс бойынша 8 спорт кешені, 1 спорт сарайы соғылды. Тараз қаласында 4, аудандарда 4 спорт кешендері. Олар: Тараз қаласында 3, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында, Талас ауданы Қаратау қаласында спорт кешендері пайдалануға берілді, ал Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы және Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы және Тараз қаласындағы спорт кешендерінің құрылыстары аяқталуда. Тараз қаласында шағын футбол, баскетбол және волейбол ойындарына арналған жасанды төсенішті арнайы қоршалған 3 спорт алаңы салынды.
Тараз қаласындағы Орталық стадионының УЕФА талаптарына сәйкес европалық стандартқа бейімделіп төбесі жабылды және қуаттылығы 1200 люкске тең жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс орталығындағы «Дельфин» жүзу бассейнінің куполы жаңартылды.
Сондай-ақ, Мерке, Қордай және Жуалы аудандарындағы орталық стадиондарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ал, елімізде химия өндірісін өркендетуге атсалысып жүрген «Казфосфат»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласынан заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысын жүргізуде.
Сондай-ақ, 2015 жылы инвестициялық жобалар аясында бірқатар спорт нысандарының құрылысына жобалау-сметалық құжаматтамалары дайындалып отыр.
Оның ішінде, Тараз қаласындағы №1 спорт мектебінің ангарлық типті спорт кешенінің құрылысы, №4 велосипед және су спорты түрлері мектебі велобазасының құрылысы, Тұрар Рысқұлов ауданы мен Шу ауданы Төлеби ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы бар.
Сонымен қатар, Шу қаласында Қазақстандық бокс федерациясы тарапынан заманауи үлгідегі спорт кешенін салу жоспарланып отыр.
Бұған атсалысып, игілікті бастама көтеріп отырған жерлесіміз Кеңес Одағына Еңбек сіңірген жаттықтырушы Юрий Андреевич Цхайдың еңбегін ерекше атап өткім келеді.
Құрметті әріптестер!
Облыстың осындай спорт жетістіктерімен қатар, назар аударатын проблемаларда бар.
Соның бірі, облыстан спорт колледжі-интерна
Бұл арнаулы оқу орны ашылған жағдайда екі өткір мәселе өз шешімін табады деген ойдамын.
Біріншіден, ауылдан шыққан дарынды балалар үлкен спорттағы жеңісті жолдарын жалғастыратын болады.
Екіншіден, бүгінгі таңда ауылды жерлерде жетіспейтін спорт мамандарын, оқытушы-жаттықты
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес биылғы жылы облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Тағы бір мәселе, спорт объектілерінің жетіспеушілігі.
Өйткені, спорттық базасыз үлкен жетістіктерге жету мүмкін емес.
Бұл арада Байзақ, Меркі, Жамбыл және Қордай аудандарынан спорт кешендерін салу міндеті тұр.
Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылдануы назардан тыс қалған емес.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 36121 адамды құрайды. Оның 646-сы немесе 1,8 пайызы дене шынықтыру және спортпен шұғылданып келеді.
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт клубы жұмыс істеп тұр.
Спорт резерві және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстары аясында облыста 46 спорттық мекемелер жұмыс атқаруда.
Есепті мерзім аралығында облыста 3 спорт мекемесі ашылды.
Олардың қатарына “Бұқаралық спорттық шаралар өткізу орталығы”, Қазақ күресі клубы, Жаңатас қаласында балалар-жасөспір
Ал, 2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілдіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» №898 Жарлығына сәйкес, спорт мектептерінің қызмет ету функциясы облыстық атқарушы биліктен алынып, тікелей аудандардың қарамағына беру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты басқармаға қарасты 26 спорт мектебі алдағы уақытта аудандық бюджеттен қаржыландырылаты
Жалпы облыстық спорт мекемелерінде спорттың 42 түрі қамтылып отыр.
Оның ішінде 21 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 8 ұлттық спорт түрі бар.
Соңғы жылдары өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионаттары мен халықаралық, республикалық ірі жарыстарда едәуір жетістіктерге қол жеткізуде.
Өткен жылы спорт мекемелеріндегі 1269 спортшы әр деңгейдегі халықаралық жарыстарға, 3677 спортшы республикалық деңгейдегі және 8304 спортшы облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысты.
Облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында (Кубогында) 2013 жылы 86 медальға (38 алтын, 25 күміс, 23 қола), ал, 2014 жылы 128 медальға (66 алтын, 28 күміс, 34 қола) қол жеткізді.
Сонымен қатар, есепті жылы ел чемпионаттарында 591 медаль, оның ішінде 195-алтын, 151-күміс, 245-қола медальды жеңіп алды.
Спорт түрлері бойынша облыстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 327 спортшы енді.
Оның ішінде: ұлттық құрамаға 77 спортшы, жастар құрамасына 119 спортшы, жасөспірімдер құрамасына 131 спортшы.
Есепті жылы 1 - жаттықтырушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1 спортшы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 7 спортшы - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 75 спортшы - Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Спорттағы жоғарғы жетістіктері үшін халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен спорт шеберлеріне, тиісінше 40,0 мың теңгеден 70,0 мыңға, 20,0 мың теңгеден 50,0 мыңға стипендия тағайындалып, үздік 56 спортшы осы стипендия иегері атанды.
Спорттағы нәтижені жақсарту үшін оқытушы-жаттықты
Осыған орай, Қазақтың спорт және туризм академиясында, Республикалық Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығында және Тараз гуманитарлық университетінің базасында 34 оқытушы-жаттықты
2014 жылы өткен Азия ойындарына облыстан 22 спортшы Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында өнер көрсеті.
Нәтижесінде Елдос Сметов дзюдодан, Гузалия Гафурова каратэдодан“Алтын”, Азиз Қалқаманұлы дзюдодан, Светлана Иванчукова жеңіл атлетикадан “Күміс”, Линария Мингазова дзюдодан, Нигора Нурматоварегбиден және “Айша бибі” су добы клубының қыздары “Қола” медальға ие болды.
Осы орайда, аталған спортшылардың жаттықтырушылары
Сонымен қатар, Пара Азия ойындарында облыстан 5 спортшы қатысып, жүзуден Зульфия Габидулина әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды.
Ал, Өмірәлі Нышан пара-таеквондода
Өткен жылдың ең соңғы зор табысымыз Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында ұлттық спорт тарихында ауыр атлетикадан тұңғыш рет чемпион атанған Жасұлан Қыдырбаевтың жарқын жеңісі өңірдің атын тағы да бір рет көкке көтіріп тастады.
Жасұланның жеңісі 2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы олимпиадаға облыс атынан алғашқы лицензияны алып берді.
Есепті жылдың қараша айында Шымкент қаласында өткен ересектер арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ертуған Төренов (73 кг), Дәулетхан Жақыпов (81 кг), Айбол Айтбек (90 кг) жеңімпаз атанса, Жеңіс Сайлаубай (63 кг) қола медальға ие болды. Бұл облыс тарихында дзюдодан алғашқы командалық жеңіс.
Ал, 4 желтоқсан күні Тараз қаласында аяқталған бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл бокс мектебі өзінің жеңісті жолын жалғастырды.
Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Болат Ниязымбетов, Ермахан Ыбрайымов, Бахтияр Артаев сынды даңқты боксшыларымыздың ізбасарлары Олжас Сәттібаев (52 кг), Алмас Жақыпов (56 кг) және Асланбек Шымбергенов (69 кг)жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, 1 боксшы күміс, 5 былғары қолғап шебері қола медальге ие болды.
Нәтижесінде облыстың 10 боксшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына енді.
Құрметті әріптестер!
Осы спортшылардың жеңісінен үлкен үміт күтіп отырмыз. Сондықтан, аталған спортшылар мен олардың жаттықтырушылары Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындары алдындағы дайындық циклына үлкен жауапкершілікпен қараулары керек.
Өйткені, барлық табыс - еңбекпен, барлық жеңіс - жігермен келеді. Ал, Жамбыл өңірінде жасампаз жеңістердің жарқын дәстүрі бар.
Сондықтан, жұмыстың сапасы жүйелі түрде жоспарланған шараларға тікелей байланысты.
Ендігі жерде біз өз тарапымыздан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оң нәтиже көрсетуге тиіспіз.
Бұл – ортақ мақсат.
Назарларыңызға рахмет.