2016 жылдың 22-25 ақпан аралығында Алматы қаласында теннистен зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы Республикалық турнир өтті.
Республикалық турнирдің мақсаты Арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарды спортқа тарту.
Жарысқа Қазақстанның 7 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан спортшылар қатысты.
Жамбыл облысының қатысушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
Ізбасар Талғат – І орын (1 дивизион);
Болтабаев Нұрсұлтан – ІІ орын ( ұлдар дивизионы);
Қошалиева Динара – ІІ орын (2 дивизион);
Жарылқасын Нұрсат – VІ орын (2 дивизион).