«Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі
- 3
2017 жылдың 1 маусым күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» облыстық спорттық фестивалі өтті. Аталған жарыстың қалалық және аудандық іріктеу кезеңіне 98 отбасынан 294 адам қатысты, ал облыстық жарысқа Тараз қаласы және 8 ауданнан барлығы 9 отбасынан 27 адам қатысты (12 жасқа дейінгі балалар және ата-аналар).
Жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
- 6
2017 жылдың 22-25 мамыр аралығында Алматы қаласында жеңіл атлетикадан есту қабілеті төмен мүгедек спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатқа Алматы, Астана қалалары мен облыстардан 16 командадан 310 спортшы қатысты.
Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиадасы
- 7
2017 жылдың 28 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы облыстық спартакиадасы өтті.
Спартакиада спорттың 3 түрі бойынша (шағын футбол, волейбол, эстафета) өткізілді.
«Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиада
- 6
2017 жылдың 26 мамыр күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиадасы өтті.
Спартакиада студенттер арасында спорттың 6 түрі бойынша (шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика) өткізілді. Аталған жарысқа 237 астам студент қатысты.
«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне және ҚР Мемлекеттiк қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы
- 18
2017 жылдың 24 мамыр күні Тараз қаласында «Тараз-Арена» спорт сарайында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне және ҚР Мемлекеттiк қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы өтті.
Спартакиада мемлекеттік басқару органдары қызметшілер арасында спорттың 10 түрі бойынша (шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, гір көтеру, шахмат, төғызқұмалақ, ұзындыққа секіру, турникке тартылу және жеңіл атлетика) өткізілді.
Дзюдо күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
- 8
2017 жылдың 19-20 мамыр аралығында Тараз қаласындағы «Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында дзюдо күресінен есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.