Суда жүзуден ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты

2015 жылдың 16-18 сәуір аралығында Астана қаласында суда жүзуден ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа республиканың 13 облысынан 13 команда барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

1 орынды Живайкин Роман – 400 м қашықтықта;

2 орынды Жұмағали Нұрдәулет – 200 м брасс стилінде қашықтықта;

3 орынды Жұмағали Нұрдәулет – 50 м қашықтықта брасс стилінде;

3 орынды Жұмағали Нұрдәулет - 100 м қашықтықта брасс стилінде жүзуде иеленді.

Жаттықтырушы: Владимир Арендт.

Comments are closed.