Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 4 қосымшаларда:

3-тармақтың 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

көрсетілген бұйрыққа 5 және 6 қосымшаларда:

3-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

осы бұйрыққа 1, 3, 4, 5 және 6 қосымшалардың бүкіл мәтіні бойынша «ХҚО» деген абрревиатурасы тиісті септікте «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 1, 3 және 6-қосымшалардың 3-қосымшаларында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 4-қосымшаның 6-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 5-қосымшаның 4-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;

2) «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5 қосымшаларда:

3-тармақтың 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаның 5-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы»республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 2, 3, 4 және 5-қосымшалардың 7-қосымшасында бүкіл мәтіні бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» деген сөздерге ауыстырылсын;

осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалардың бүкіл мәтіні бойынша «ХҚО» деген абрревиатурасы тиісті септікте «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық тасығышта осы бұйрықтың көшірмелерін Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында және «ресми жариялау үшін, елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данадағы көшірмесін қоса бере отырып, электрондық түрде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

___________ Ә. Исекешев

20 жылғы « » _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

20 жылғы « » _________

Comments are closed.