Самбо күресінен ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты

2016 жылдың 26-30 мамыр аралығында Ашхабад (Түркменстан) қаласында самбо күресінен ересектер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтті.

Аталған жарысқа барлығы 100 спортшы қатысты. Жамбыл облысы құрама командасынан ел намысын 4 спортшы қорғап, 80 кг салмақ дәрежесінде Смағанбетова Ақтолқын  I орын, +80 кг салмақ дәрежесінде Шегенова Арайлым  I орын, 82 кг салмақ дәрежесінде Ахмет Даулет II орын, 60 кг салмақ дәрежесінде Ақмолда Лайла III орын иеленді.

Облыстың аға жаттықтырушысы – Мусабеков Алмас.

Comments are closed.